Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Бір жатақханада 14 студент ауру жұқтырды: медицина қызметкеріне айыппұл салынды
Жаңалықтар

Бір жатақханада 14 студент ауру жұқтырды: медицина қызметкеріне айыппұл салынды

НұрланНұрлан05.11.202661
Фото: Ашық дереккөз

Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж жатақханасында 14 студенттен «теміреткі» ауруы анықталды. Осы жағдайдан кейін жатақхананың медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 43 250 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

ФБРК мәліметінше, студенттер арасында дене дерматофитиясы, яғни халық арасында теміреткі деп аталатын саңырауқұлақ инфекциясы таралған.

Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде аурудың алғашқы көзі ауданнан келген студенттердің бірі болуы мүмкін екені анықталған. Ол инфекция жұқтырған үй жануарымен байланыста болған. Кейін ауру жатақханада бірге тұратын басқа студенттерге тараған.

Зертханалық зерттеу барысында 14 студенттен инфекция белгілері табылды. Олардың барлығы жатақхананың бір қабатында орналасқан, бір-біріне жақын бөлмелерде тұрған.

Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Анара Кургунбаеваның айтуынша, студенттер каникулдан кейін жатақханаға оралғанда медициналық тексеруден уақытылы өткізілмеген.

Осы олқылыққа байланысты жатақхананың медицина қызметкеріне 43 250 теңге айыппұл салынды. Бұған дейін колледж әкімшілігінің де жауапкершілікке тартылғаны хабарланған.

Аурудың таралуы анықталған соң жатақхана мен оқу ғимараттарында қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Студенттер медициналық бақылауға алынып, инфекция жұқтырғандарға тиісті ем тағайындалды.

Мамандар теміреткінің алдын алу үшін жеке гигиена талаптарын сақтауға шақырады. Атап айтқанда, өзгенің тарағын, киімін, аяқкиімін, бас киімі мен төсек-орнын пайдаланбау қажет. Сондай-ақ жануарлармен байланыстан кейін қолды мұқият жуған жөн.

Теріде немесе бастың шашты бөлігінде күмәнді белгілер байқалса, дерматолог маманға қаралу ұсынылады.

ауру тарады петропавл
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Шерзат ісіне» қатысты жазбаларымен танылған ақын Таразда қолға түсті
Next Article Қазақстан фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев дүниеден өтті

Оқи отырыңыз...

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202612

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202612

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026136

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202639

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20269

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202698

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20264

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202695

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.