Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Күшті болып ораламын!»: 2 жыл 3 айға сотталған Нұрсұлтан Жақсыген алғаш рет үн қатты
Шоу бизнес

«Күшті болып ораламын!»: 2 жыл 3 айға сотталған Нұрсұлтан Жақсыген алғаш рет үн қатты

НұрланНұрлан17.09.2026425
Фото: әлеуметтік желі

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыген өзіне қатысты сот үкімі шыққан күні әлеуметтік желіде оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Ол өзін қолдап, дұға тілеп жатқан жандарға алғыс білдіріп, қазіргі жағдайдың уақытша екенін айтты.

«Бәрі уақытша, балапандарым. Алла қаласа, күшті болып ораламын! Жақсы көремін сендерді. Бұл да өткінші нәрсе, дұғаларыңызға ризамын. Иншалла, бәрі жақсы болады. Алла осылай қаласа, бір қайыр бар», – деп жазды Нұрсұлтан Жақсыген.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай аудандық соты Жақсыгенді Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Ол масс-медиа, телекоммуникация желілері және онлайн-платформалар арқылы көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталған.

Сот актерді 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар 5 жыл бойы журналистік, блогерлік және көпшілікке ақпарат таратуға байланысты қызметпен айналысуына тыйым салды. Жәбірленушіге 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Алайда үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Жақсыгеннің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Қорғау тарапы әлеуметтік желідегі даулы парақшалардың актерге тиесілі екенін анықтау үшін қосымша сараптама жүргізуді сұраған, алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмаған.

актер нұрсұлтан жақсыген
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Өлгім келетін»: пирамидаға кіріп, қарызға батқан Айнұр Тұрсынбаева шындығын айтты
Next Article Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кетті

Оқи отырыңыз...

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202658

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20264

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202631
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әкімдік қызметкері»: СҚО-да зейнет жасына таяған әйел сірке суын ішіп, көз жұмды

17.11.20268

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202621

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026239

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202658

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.202610

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202620

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.2026105

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.