Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Менімен алысқанша, төрешілермен алысыңдар!»: Головкин мен спорт журналисі арасында тағы да дау шықты
Жаңалықтар

«Менімен алысқанша, төрешілермен алысыңдар!»: Головкин мен спорт журналисі арасында тағы да дау шықты

НұрланНұрлан30.09.2026270
Фото: әлеуметтік желі

Спорт журналисі Аслан Қаженов Аичи–Нагоя-2026 Азия ойындарындағы даулы төрешілікке қатысты пікір білдіріп, World Boxing президенті Геннадий Головкинге үн қатты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Журналист әлеуметтік желідегі жазбасын «Безстыжий кім сонымен?!» деген сауалмен бастап, қазақстандық боксшылардың бірнеше жекпе-жегіндегі төрешілер шешімін қатаң сынға алды.

Қаженовтің пікірінше, World Boxing басшылығы ашықтық пен әділдік орнатып, спортшылардың құқығын қорғайтынын мәлімдегенімен, төрешілік жүйесіндегі мәселелер әлі шешілмеген.

«Үш боксшымыздың жеңісі ұрланды. Көзінше ұрланды. Жүйе әлі реттелмеді. Төрелік әлі тазаланбады. Оның үстіне, көзімізді бақырайтып қойып, “ал, не істей аласыңдар, қазақтар?” дегенге келтіріп тұр», – деп жазды журналист.

Ол Азия ойындарындағы бокс бәсекесіне бірде-бір қазақстандық төрешінің тартылмағанына да назар аударды. Қаженовтің сөзінше, төрелік етуге Гватемала, Шри-Ланка және Аргентинадан мамандар шақырылғанымен, тәжірибелі қазақ төрешілері жарыстан шет қалған.

«Азия елдерінен десеңіз, өзбегін бар, тәжігін бар, жапонын бар – бәрі төрелік етіп жүр. Қазақ қана жоқ. Бұл не масқара?» – деді ол.

Қазақстан бокс федерациясы әйелдер арасында 75 келіде Наталья Богданова мен үндістандық Ловлина Боргохайнның, сондай-ақ 55 келіде Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Карло Пааламның жартылай финалдық жекпе-жектерінің нәтижесімен келіспей, World Boxing ұйымына ресми наразылық жолдаған.

Алайда журналист бұл шағымдар нәтижені өзгертпейтінін айтып, мәселені жекелеген жеңілістерден емес, төрешілік жүйеден іздеуге шақырды.

«Менімен алысқанша, төрешілермен алыссындар, жүйемен алыссындар. Тізгінді алдың ба, айырып тұрып жұмыс істеу керек! Қазақ боксшылары мен бапкерлерінің еңбегі еш кетпеуі керек», – деп қорытындылады Аслан Қаженов.

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті қызметіне 2025 жылғы қарашада сайланған. Ол ұйым басшысы ретінде олимпиадалық бокста әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуді негізгі міндеттердің бірі деп атаған еді.

головкин журналист
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleAlatau City логистиканы, өнеркәсіпті және қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін германиялық технологияларды тартады
Next Article Аспандағы айқас: 190-ға жуық жолашуы отырған лайнерде ұшқыштар көкте пышақтасып, ұшақ апатқа ұшырай жаздады

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026686

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202611

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026169

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026147

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202620

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.