Баян Мақсатқызы өзінің студиясына әнші Мақпал Жүнісованың келгенін айтып, қуанышын бөлісті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Продюсер қонағын ерекше ықыласпен қарсы алып, оны «патшайым» деп атады. Сондай-ақ Мақпал Жүнісованың бір дубльмен ән жазып, кейін кететінін айтып, әкесінің де осыны жиі еске алатынын жеткізді.
«Бізге қонаққа кім келгенін қараңыз. Мақпал Жүнісованың өзі келді. Патшайым, біз сізге иілеміз. Ешкімге иіліп сәлем бермейміз, бірақ сіздің алдыңызда иілеміз», – деді Баян Мақсатқызы.
Кейін продюсердің шәкірті Аружан әншіге бір шоқ гүл сыйлады.


