Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Павлодарда төрт көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Жаңалықтар

Павлодарда төрт көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

НұрланНұрлан18.09.20265
Фото: видеодан кадр

Павлодар – Кенжекөл автожолында 4 жеңіл көліктің соқтығысуынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Полиция аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жол апаты кезінде УАЗ Patriot, Audi 100, BMW және Lada Priora автокөліктері соқтығысқан.
Павлодар қалалық №1 ауруханасына алты ер адам жеткізілген. Олардың барлығы 2003-2006 жылдар аралығында туған.

— Зардап шеккендер түрлі жарақат алған. Біреуіне амбулаториялық көмек көрсетілген. Үш адам жансақтау бөлімінде, тағы бір науқас политравма бөлімінде, біреуі травматология бөлімінде ем алып жатыр. Ал тағы бір жарақат алған адам медициналық көмектен бас тартқан. Барлық науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан.

Облыстық полиция департаменті жазатайым оқиға салдарынан бір адам қайтыс болғанын мәлім етті.

— Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, – деп хабарлады департаменттен.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде белгіленген жылдамдық режимін сақтау қажеттігін ескертеді.

жол апаты
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Next Article «Түк дауысы жоқ»: Ерке Есмахан Тұрсын Алагөзовтің туған күнінде сынға қалды

Оқи отырыңыз...

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202623

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20262

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.202614
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әкімдік қызметкері»: СҚО-да зейнет жасына таяған әйел сірке суын ішіп, көз жұмды

17.11.202630

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202623

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20262

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026317

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202673

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.202614

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202620

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.2026119

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20265

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.