Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген
Басты ақпарат

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы02.10.202620

Фото: ЖИ

Ірі неміс басылымының сарапшылары соңғы 7 жылда Қазақстандағы оң өзгерістердің негізгі драйвері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саясат екенін атап өтті,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

2019 жылдан бері Қазақстан сыртқы әлеммен байланысты нығайта түскен экономикалық жағынан ірі, анағұрлым кәсіпкер мемлекетке айналды. Мұның бәрі бұл елдің табанды түрде жеңіп шыққан қиындықтарға, айталық, жаһандық пандемияның салдарына, жеткізу тізбегінің үзілуіне және геосаяси ортаның уақыт өткен сайын ыдырап бара жатқанына қарамастан жүзеге асты.

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының өсіміндегі басты көрсеткішті статистикадағы құрғақ сандар арқылы емес, адамдардың әл-ауқаты арқылы тікелей өлшеуге болады.
Тоқаев президенттік етіп келе жатқан жеті жылда Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі жартысынан астам өсті. Бұл сыртқы тұрақсыздықтар мен халық санының көбеюіне қарамастан экономика өсімі арта түскенін көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл – Қазақстанды Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде ерекше орынға шығаратын маңызды факторлардың бірі. Дүниежүзілік банктің өткен жылғы мәліметтеріне сәйкес, елдегі жан басына шаққандағы ЖІӨ шамамен $14 700 құрады. Салыстыру үшін айтсақ, аталған көрсеткіш Өзбекстанда шамамен $4 000, ал Қырғызстанда шамамен $3 100. Бұл Қазақстан экономикасының қазір қарқынды түрде кеңейіп келе жатқанының айқын дәлелі, әрі іскерлік белсенділіктің артуына және инвестициялардың ұлғаюына тікелей әсер етеді.

Сарапшылар неғұрлым айқын өзгерістер жеке кәсіпкерліктің рөлі өсіп келе жатқанынан байқалатынын айтып отыр. Қазақстанда шағын және орта бизнесте шамамен 4,5 млн адам жұмыспен қамтылған. Жеті жыл ішінде өсім 31,6%-ды құрады.

Бүгінгі таңда экономиканың осы секторында Қазақстанның бес тұрғынының біреуі жұмыс істейді. Халықтың кәсіпкерлік белсенділігінің жоғары болуы ШОБ саласы Қазақстанның жұмыспен қамту және экономикалық өсудегі негізгі көздерінің біріне айналатынын айғақтайды.

Елде дәстүрлі салалармен қатар кәсіпкерлік экономиканың да кең қанат жая түскені – Президент Тоқаевтың тұсында қолға алынған экономикалық мүмкіндіктерді тар аяда шоғырлануына жол бермеуге қозғау салған ауқымды әрекеттің бір бөлігі ғана.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанның дамуына байланысты айқындаған стратегиясының экономикалық маңызы өте зор: өсім оған көп адамдар қатыса алатын кезде ғана орнықты бола түседі. Бұған жаңа кәсіпорындар ашуға, өнеркәсіпті, құрылысты және мемлекеттік қызметтерді дамытуға бағытталған саясат ықпал етеді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев Nvidia вице-президентімен кездесті: әлемдік технология алыбы Қазақстанда қандай жобаларды жүзеге асырып жатыр?
Next Article «Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20263

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026675

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202611

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026165

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026145

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202620

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.