Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Спорт»Шахматтан әлем чемпионаты: Синдаров пен Гукеш алғашқы партияда тең түсті
Спорт

Шахматтан әлем чемпионаты: Синдаров пен Гукеш алғашқы партияда тең түсті

НұрланНұрлан25.11.20261
Фото: Salvatore Di Nolfi/Keystone via AP

Швейцарияның Женева қаласының маңындағы Мартин Бодмер қорының алаңында классикалық шахматтан 2026 жылғы әлем чемпионы атағы үшін матч басталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.    

Тарихи додада қазіргі әлем чемпионы, Үндістанның 20 жастағы гроссмейстері Гукеш Доммараджу мен оның құрдасы, өзбекстандық Жавохир Синдаров бақ сынап жатыр.

24 қарашада өткен алғашқы партия 0,5:0,5 есебімен аяқталды.

Ақ тастармен ойнаған Синдаров испан партиясымен бастаса, Гукеш Берлин қорғанысын қолданды. Сегізінші жүрісте қарсыластар уәзірлерін алмастырып, әйгілі Берлин эндшпиліне көшті.

Синдаров 13-жүрісте жаңа тәсіл қолданғанымен, әлем чемпионы қателікке бой алдырмады. 3 сағат 37 минутқа созылған партия 38-жүрісте позицияның үш рет қайталануымен аяқталды.

Швейцариядағы бұл кездесу әлем чемпионатының 140 жылдық тарихындағы қатысушылары ең жас матч ретінде тарихқа енді. Жарыс басталған кезде екі гроссмейстер де 20 жаста болды.

Матч 14 классикалық партиядан тұрады. Жарыстың жүлде қоры – 2,5 млн АҚШ доллары.

Әлем чемпионы атану үшін шахматшылардың бірі 7,5 ұпай жинауы қажет. Негізгі кезең тең есеппен аяқталса, чемпионның есімі 12 желтоқсанда өтетін тай-брейкте анықталады.

Матчтың екінші партиясы 25 қарашада өтеді. Бұл жолы Гукеш Доммараджу ақ тастармен ойнайды.

спорт шахмат
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҰлытау облысында аулада тұрған үш көлікті белгісіз біреулер өртеп жіберген
Next Article Жаңа жыл қарсаңында үш бағыт бойынша қосымша пойыз қатынайды

Оқи отырыңыз...

«Қайрат» Конференция лигасындағы алғашқы жеңісіне жетті

27.11.20260

Геннадий Головкин Михаил Шайдоровқа орден тақты

26.11.20269

«Футболшылардың атынан ұрамын»: Еркебұлан Тоқтар ардагер спортшы Қуат Хамитовты спаррингке шақырды

24.11.2026103
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты

28.11.20261

Семейде қоқыс контейнерінен табылған сәби үсіп өлді: әкесі өмір бойына сотталды

28.11.20261

23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды

28.11.20261

Тарихшы, дипломат Рүстем Құрманғожин өмірден өтті

27.11.20264

«Қазатомөнеркәсіптің» екі басшысы екі айға қамауға алынды

27.11.20260

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

27.11.202615

Көкшетауда аурухана аумағынан ер адамның денесі табылды

27.11.20261

«Бетіне түкіріп кетті»: Продюсер Дариға Бадықова кинотеатрда ыңғайсыз жағдайда қалғанын айтты

27.11.202661

Respublica Қазақстанның 20 өңірінде үгіт-насихат науқанын қорытындылады

27.11.20262

Жерар Депардье жас актрисаны зорлады деген айыппен сотқа тартылмақ

27.11.202612

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.