Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Сотқа беремін»: Роза коуч пен танымал имам арасында дау туды
Шоу бизнес

«Сотқа беремін»: Роза коуч пен танымал имам арасында дау туды

НұрланНұрлан30.09.202697
Фото: muztaumedia.kz

Белгілі имам Данияр Кенжеұлы атышулы коуч Роза Әшірбаеваны ашық сынады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Айтуынша коучтың «Күйеуден сұранудың қажеті жоқ» деген сөзі көптеген отбасыны шайқалтауы мүмкін. Дінтанушы неліктен Роза коучтың пікір қайшы екенін жіктеп түсіндірді.

Желідегі парақшасына арнайы пост жариялаған. Имамның сөзінше, коучтың сөздері шаңырақты шайқалтады.

«Сөзі мыңдаған әйелдің отбасылық шешіміне ықпал ететін адамның контенті нақты заң талаптарын бұзса, оған да «қоюшы қой» деп көз жұма қарамай, заң аясында құқықтық баға беріліп, тиісті шара қолданылуын талап ету бөлек мәселе. Өйткені біреудің шаңырағын шайқалтатын сөзі «жеке пікір» деп жеңілдетуге болғанымен, сол сөздің астында қалған отбасының тағдырын қайтадан «жеке пікірмен» көтеріп бере алмайсың.

Қоғамда әйелге зұлымдық жасап жүрген еркектер бар. Мұны жоққа шығарған адам не өмір көрмеген, не көргісі келмейді. Бірақ бір еркектің зұлымдығын еркектің табиғатына апарып таңу қай әділетке сыяды? Күйеуінен қорлық көрген әйел бар екен деп күйеуді күдікке, енесінен жәбір көрген келін бар екен деп ененi жаулыққа айналдырып жіберсек, ертең отбасының ішінде кім кімге сенеді? Біз зұлымдықпен күресіп жатырмыз ба, әлде зұлымдықтың бір мысалын қолымызға ұстап алып, еркек пен әйелдің ортасына жік салып жатырмыз ба? Осының бәрін неге айтып отырмын? Соңғы уақытта Роза коучтың контентін көрген сайын әйелдің құқығын қорғау деген әңгіменің шекарасынан әлдеқашан шығып кеткенін байқаймын.

Мұндай контентке заң аясында құқықтық баға берілуі керек. Отбасы институты кім көрінгеннің контентіне жем болып, қаралымның құрбанына айналатын күнге жетсек — құрыған күніміз сол», — деп жазды имам.

Роза Әшірбаева да бұл жазбаға жауап қайтарып, сотқа беретінін айтты.

«Данияр мырза, қайырлы таң! Уағызыңыз жамағатыңызға пайда әкеле берсін. Мені заңмен жазалаймын деп өзіңіз заң бұзып отырсыз. Фотоны және есімді заңсыз пайдалану бойынша жауапкершілік: ҚР АК 145-бабы — бейнені келісімсіз пайдалану (өшіру және моральдық өтемақы белгіленеді); ҚР АК 143-бабы — жеке басымның ар-намысы мен беделіме нұқсан келтіру (сот белгілеген өтемақы төленсе); ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы — жала жабу. 20 тәулікке қамау немесе айыппұл. Деректер нотариалды тіркелді, материал жойылмаса, іс сотқа беріледі. ашық парақшадан алсаңыз да заң бойынша менің рұқсатымсыз суретімді, атымды қолдануға құқығыңыз жоқ. Инстаграмның өзіне де шағым тастадым. Сотта кездескенше», — деп жазды ол.

имам роза коуч
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖыныстық қатынасқа түстім: Перуашевқа жасалған кибершабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Next Article Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады

Оқи отырыңыз...

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026700

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026179

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026150
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026700

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202611

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026179

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026150

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202622

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.