Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Тоқаев мәслихаттарды мерзімінен бұрын таратуды тапсырды
Басты ақпарат

Тоқаев мәслихаттарды мерзімінен бұрын таратуды тапсырды

НұрланНұрлан24.09.202618
Фото: Ақорда

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту үдерісінің қорытынды кезеңі болатынын айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, қазіргі мәслихат депутаттары Конституция мен заңнамада белгіленген негіздер бойынша өкілеттігі тоқтатылғанға дейін өз қызметін жалғастырады.

«Қорытынды кезеңде барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтеді. Қазіргі жергілікті өкілді органдардың депутаттары Конституция мен заңдарда көзделген негіздер бойынша өкілеттігі тоқтатылғанға дейін өз қызметін жалғастырады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазіргі мәслихат депутаттарының басым бөлігі AMANAT партиясынан сайланғанын атап өтті. Оның айтуынша, партияның «Әділет» партиясына қосылуына байланысты тиісті заңдық рәсімдер аяқталғаннан кейін депутаттар корпусының басым бөлігінің легитимдігіне қатысты мәселе туындауы мүмкін.

Тоқаев мәслихаттар жергілікті тұрғындардың мүддесін білдіру, бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау секілді негізгі міндеттерін толық орындауы қажет екенін айтты.

«Бір сөзбен айтқанда, олар жергілікті жердегі халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге белсенді атсалысуы қажет. Өкілді органдардың қызметі заңға сәйкес жүргізілуге тиіс», – деді Президент.

Мемлекет басшысы жақын уақытта Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылайтынын мәлімдеді.

«Оның қорытындысы бойынша тиісті жарлыққа қол қоямын. Бұдан кейін Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлаудың күнін белгілеуі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақорда мәслихат Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Бетім ашық»: Мөлдір Әуелбекова даулы мәлімдеме жасады
Next Article Жіппен тоқылған тарих: Алматыда Батима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған ерекше көрме ашылды

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026690

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202611

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026175

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026149

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202620

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.