Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Тоқаевтың тапсырмасымен Арман Қырықбаев Хон Бом До мемориалына барды
Басты ақпарат

Тоқаевтың тапсырмасымен Арман Қырықбаев Хон Бом До мемориалына барды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы17.09.20263
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Тэджон қаласындағы мемориалдық кешенге барып, сонда жерленген көрнекті корей қолбасшысы, генерал Хон Бом Доның рухына тағзым етті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Айта кетейік, министр Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барған Мемлекет басшысы бастаған ресми делегация құрамында.

Кешенде құрмет қарауылының қатысуымен арнайы рәсім өтті. Арман Қырықбаев ел тәуелсіздігі жолында күресіп, Отанын қорғауға ғұмырын арнаған жандарға құрмет білдіріп, мемориалға гүл шоғын қойды. Сондай-ақ генерал Хон Бом Доның рухына тағзым етті.

Тэджондағы бұл мемориалдық кешен Корея Республикасындағы аса маңызды тағзым орындарының бірі саналады. Мұнда елге айрықша еңбек сіңірген 150 мыңға жуық адам мәңгілік тыныс тапқан. Генерал Хон Бом Доның есімі Қазақстан мен Кореяны байланыстыратын ортақ тарихта айрықша орын алады. Ол өмірінің соңғы жылдарын Қазақстанда өткізіп, Қызылордада жерленген еді. 2021 жылы Қазақстанның қолдауымен оның сүйегі атамекеніне жеткізіліп, Тэджонда қайта жерленді.

Биыл генерал Хон Бом Доның сүйегі Қызылордадан Корея Республикасына жеткізілгеніне бес жыл толады. Оның тағдыр жолы екі халықты өзара жақындастырған ортақ тарихтың тағылымды бір белесіне айналды.

Сапар соңында Арман Қырықбаев құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. Мемориалдық кешендегі бұл рәсім екі елдің тарихи мұрасына деген құрметті айғақтап, Қазақстан мен Корея арасындағы байланысты одан әрі нығайтудың маңызын көрсетті.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады
Next Article 900 долларға – 5 қызмет: Қазақстанда үй қызметіне келетін филиппиндік әйелдер көбейді

Оқи отырыңыз...

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

18.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026728

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026790

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202664

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.