Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Білім & ғылым»Вашингтон университетінің профессоры Талант Мауқанұлы Ғылым ордасында дәріс оқыды
Білім & ғылым

Вашингтон университетінің профессоры Талант Мауқанұлы Ғылым ордасында дәріс оқыды

НұрланНұрлан18.09.202612
Фото: «Ғылым ордасы»

2026 жылғы 17 қыркүйекте «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасында Вашингтон университетінің (АҚШ) профессоры, Түркі және Орталық Еуразия зерттеулері бағдарламасының директоры Талант Мауқанұлының «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» тақырыбында ғылыми дәрісі өтті, деп жазады Muztaumedia.kz.  

Іс-шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, зерттеушілер, докторанттар, магистранттар мен студенттер, сондай-ақ кітапхана және архив саласының мамандары қатысты.

Фото: «Ғылым ордасы»

Талант Мауқанұлы – түркітану, әлеуметтік-мәдени лингвистика және Орталық Еуразияны зерттеу саласының маманы. Ол Индиана университетінде PhD дәрежесін алған. Ғалымның зерттеулері түркі тілдерін әлеуметтік-мәдени тұрғыдан зерделеуге, лингвистикалық антропологияға және аз санды тілдерді зерттеуге бағытталған. Қазіргі ғылыми ізденістерінің бірі – XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ тілі мен қоғамы туралы мәліметтер қамтылған шағатай тіліндегі архивтік қолжазбаларды зерттеу, ғылыми сипаттау, каталогтау және кешенді талдау.

Фото: «Ғылым ордасы»

Дәріс барысында қолжазба дереккөздерін зерттеудің өзекті мәселелері, оларды жүйелеу, ғылыми сипаттау, каталогтау және пәнаралық тұрғыдан зерделеу бағыттары қарастырылды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, қолжазба мұрасын зерттеу саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Талант Мауқанұлының айтуынша, қолжазба мұрасын зерттеу бағытындағы Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығы жас зерттеушілер үшін жаңа ғылыми мүмкіндіктерге жол ашады. Ғылымды дамыту жолында екі ел ғалымдарының білім мен тәжірибе алмасуы, бірлескен зерттеулер жүргізуі маңызды. Ал шағатай тіліндегі қолжазбаларды зерттеуде қазақ тілін жетік меңгерумен қатар, қыпшақ, оғыз, түрік, өзбек, араб және парсы тілдерін білу деректердің мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Шетелдік ғалыммен кездесу отандық және шетелдік зерттеушілер арасындағы ғылыми байланысты нығайтып, Қазақстанның қолжазба мұрасын зерттеу, ғылыми сипаттау, каталогтау және цифрландыру бағыттарында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Іс-шара жас ғалымдар үшін ғылыми пікір алмасу және кәсіби тәжірибе жинақтау алаңына айналды.

кітапхана
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚарағандыда «Жастар – Заң мен Тәртіптің тірегі» форумы 15 мыңға жуық студенттің басын қосты
Next Article Сағаттап кезек күту басталды: Iphone 18 телефоны сатылымға шықты

Оқи отырыңыз...

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026739

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026806

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202667

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.