Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Экс-депутат Мұрат Әбенов Air Astana басшылығының бонустарын сынға алды
Жаңалықтар

Экс-депутат Мұрат Әбенов Air Astana басшылығының бонустарын сынға алды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы17.09.20262
Фото: Air Astana
Бұрынғы мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Air Astana компаниясының басқару саясатына қатысты сын айтып, компания басшылығының сыйақы көлеміне күмән келтірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Оның айтуынша, Air Astana өзін толықтай жекеменшік компания ретінде көрсеткенімен, оның дамуына мемлекет елеулі үлес қосқан. Әбенов компанияның ішкі әуе тасымалы нарығында ұзақ уақыт бойы басымдыққа ие болғанын атап өтті.

Экс-депутаттың мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысында Air Astana тобының таза пайдасы 72,5%-ға төмендеп, 49,4 млн доллардан 13,6 млн долларға дейін қысқарған. Соған қарамастан, басқарма мүшелерінің жиынтық сыйақысы 31,6%-ға өсіп, 525,4 млн теңгеден 691,4 млн теңгеге жеткен.

Сондай-ақ ол 2024 жылғы халықтық IPO кезінде компания акцияларын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) сатып алғанын еске салды. Әбеновтің айтуынша, орналастыру кезінде акция бағасы 1073,83 теңге болған, ал қазір олардың құны шамамен 680–690 теңге деңгейінде саудаланып жатыр.

Осыған байланысты ол БЖЗҚ мен мемлекеттік органдардың әрекетіне қатысты сұрақтар қойды.

«Пайда азайып, акциялар құнсызданып жатқан кезде басшылықтың сыйақысы неге өсіп отыр? Қарапайым азаматтардың зейнетақы жинақтары есебінен сатып алынған активтердің құны төмендесе, бұл жағдайға кім жауап береді?» – деп жазды Мұрат Әбенов.

Сондай-ақ ол «Самұрық-Қазына» қорының, БЖЗҚ мен Көлік министрлігінің бұл мәселеге қатысты ұстанымын жария түрде түсіндіру қажеттігін айтты.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article900 долларға – 5 қызмет: Қазақстанда үй қызметіне келетін филиппиндік әйелдер көбейді
Next Article Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кеткен ер адам ауруханадан шықты

Оқи отырыңыз...

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202624

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20263

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.202615
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әкімдік қызметкері»: СҚО-да зейнет жасына таяған әйел сірке суын ішіп, көз жұмды

17.11.202640

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202624

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20263

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026355

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202675

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.202615

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202622

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.2026122

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20266

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.