Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қарағандыда «Жастар – Заң мен Тәртіптің тірегі» форумы 15 мыңға жуық студенттің басын қосты
Жаңалықтар

Қарағандыда «Жастар – Заң мен Тәртіптің тірегі» форумы 15 мыңға жуық студенттің басын қосты

НұрланНұрлан18.09.20267
Фото: Қарағанды әкімдігі

Бүгін Қарағанды облысында прокуратура әкімдігімен, сондай-ақ экономикалық тергеу және полиция департаменттерімен бірлесіп, оқу жылының басталуына орайластырылған «Жастар – Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумын өткізді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Форум жұмысына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Ішкі істер министрлігінің Комитет төрағасы Арманов Саданов, Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы Аида Ануар, Экономикалық тергеу департаментінің бастығы Дархан Құрақбаев, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Фото: Қарағанды әкімдігі

Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын насихаттау аясында өткізіліп, жастардың құқықтық мәдениетін көтеруге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қабылданатын шешімдерге деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев форумға қатысқан 15 мыңнан астам студентке Ата заңды оқып шығуға кеңес берді.

«Жаңа технологиялар дамыған сайын отбасында алған тәрбиеден бөлек, әлеуметтік желі жас өрендердің көзқарасы мен мінез-құлқының қалыптасуына қатты әсер етеді. Әсіресе оң-солын білмейтін жастар оңай олжаға қызығып, теріс жолға түсіп кетеді. Сондықтан, мемлекет басшысы айтқандай, бүгінгі ұрпаққа адамгершілік, жауапкершілік, заңға құрмет секілді қасиеттердің мәнін түсінікті тілмен, заманға сай тәсілдермен жеткізе білуіміз керек. Ол үшін жаңа Конституцияны оқып шықса жеткілікті.  Қазақстан тарихында тұңғыш рет мемлекеттік тілде жазылған Ата Заңымызды заңгерлер мен тіл мамандары оқуға жеңіл, түсінуге оңай етіп жазды. Бұл құжаттың мәнін түсіну өте маңызды. Өйткені, заңды білу оның талабын жаттап алумен шектелмейді. Оның түпкі мәні – адамның құқығы мен бостандығын қорғап, қоғамда тәртіп пен әділдікті сақтау. Осыны түсінгенде ғана заңға деген құрмет қалыптасады»,- деді өңір басшысы.

Фото: Қарағанды әкімдігі

Іс-шараға қатысушыларға есірткі таратуға, интернет-алаяқтыққа, қаржылық пирамидаларға және дропперлікке тартылған жастардың өмірлік оқиғалары көрсетілді. Тәртіп сақшылары нақты мысалдар арқылы асығыс жасалған қадам немесе тез ақша табуға деген ұмтылыс ауыр құқықтық салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін түсіндірді.

Форум қатысушылары алдында сөз сөйлеген облыс прокуроры цифрлық технологиялардың дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар, қылмыстың алдын алуда заманауи тәсілдерді талап ететін жаңа сын-қатерлерді де туындататынын атап өтті.

Фото: Қарағанды әкімдігі

Форум аясында прокуратураның бастамасымен Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің заң факультетінде «Болашақ прокурор аудиториясы» ашылды. Ол прокуратура органдарының қызметі туралы тақырыптық стендтермен және ғылыми әдебиеттермен жабдықталған. Мұнда прокуратураның тәжірибелі қызметкерлерінің қатысуымен «Прокурорлық қадағалау» пәні бойынша сабақтар өтетін болады.

Фото: Қарағанды әкімдігі

Форум ашық және интерактивті форматта өтті. Сарапшылардың баяндамаларынан басқа, студенттермен ойындар, сұхбаттар және панельдік сессиялар ұйымдастырылып, оның барысында қатысушылар нақты сұрақтарды талқылап, өз ұсыныстарын білдірді.

«Заң мен тәртіп» – бұл тек мемлекеттік органдардың жұмысы ғана емес. Бұл – әрбір азаматтың күн сайынғы саналы таңдауы. Құқықтық мәдениет пен жауапты қоғам дәл осындай таңдаудан басталады.

жастар қарағанды
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Жүрегімізді бөле алмайды»: қырғыз журналисі қазақ депутатының сыйлығын көрсетті (ВИДЕО)
Next Article Вашингтон университетінің профессоры Талант Мауқанұлы Ғылым ордасында дәріс оқыды

Оқи отырыңыз...

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202613

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026742

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026814

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202668

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.