Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматыда 1-қазаннан бастап ауыз судың бағасы қымбаттайды
Жаңалықтар

Алматыда 1-қазаннан бастап ауыз судың бағасы қымбаттайды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы25.09.202633
Фото: pixabay.com
1 қазаннан бастап Алматыда сумен жабдықтау және су бұру тарифтері өзгереді. Мегаполисте бір текше метр судың құны ҚҚС-ты есептегенде – 178,06 теңге, деп хабарлайды Muztaumedia «Алматы Су-ға» сілтеме жасап.

«Алматы Су» жаңа бағалары тұтынушы санатына байланысты болады. Халық үшін сумен жабдықтау құны бір текше метрге 178,06 теңге, ал су бұру қызметі 119,46 теңге болып белгіленді.

Ал бизнес үшін тариф жоғарырақ. Заңды тұлғалар үшін судың бір текше метрі 362,18 теңге, ал су бұру қызметі 264,75 теңге болады. Осылайша екі қызметті қосқанда бизнес үшін бір текше метрдің құны 626,93 теңгені құрайды.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің кемінде жартысы мемлекетке тиесілі ұйымдар үшін жеке тариф қарастырылған.

«Бұл санат үшін бір текше метр судың құны ҚҚС-пен 649,60 теңге, су бұру қызметі 189,14 теңге болады. Жалпы алғанда – бір текше метр үшін 838,74 теңге», — делінген сайттағы хабарламада.

Есептеуіш құралы жоқ тұтынушылар үшін су бұру құны бөлек есептеледі.

«Суық суды бұру тарифі бір адамға айына 1791,85 теңге, ыстық су үшін 376,29 теңге болады. Есептеуіш құралын орнату техникалық тұрғыдан мүмкін емес ескі және апатты үйлер мен жатақхана тұрғындары үшін бұл қызмет бір адамға 641,48 теңгеге түседі.

Есептеуіш құралы жоқ адам үшін тұрмыстық суық сумен жабдықтау және суық суды бұру қызметі ҚҚС-пен қоса алғанда айына 4462,75 теңгені құрайды», — деп көрсетілген «Алматы Су» кестесінде.

Бақшаны, көгалды, гүлзарлар мен ағаштарды суару үшін де жеке норматив белгіленді. 1 қазаннан бастап ол суару алаңының бір сотығы үшін айына ҚҚС-пен 1780,60 теңгені құрайды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСарбаздар қазасы: Қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр
Next Article 14 сарбаздың өлімі: ҚР Қарулы Күштерінің жоғары лауазымды 5 тұлғасы ұсталды

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026790

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026229

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026181

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202623

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.