Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Анасы онкологиямен ауырады»: Маңғыстауда қаза тапқан сарбаз Алмастың отбасының жағдайы ауыр
Жаңалықтар

«Анасы онкологиямен ауырады»: Маңғыстауда қаза тапқан сарбаз Алмастың отбасының жағдайы ауыр

НұрланНұрлан28.09.2026284
Фото: әлеуметтік желі

Белсенді Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысы Баянды ауылында қаза тапқан сарбаз Алмас Көбеновтің отбасының жағдайын көрсетті. Оның айтуынша, сарбаздың анасы қатерлі ісіктің екінші сатысымен күресіп, химиотерапия қабылдап жүр, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Сәрсенбаевтың жазуынша, бес баласы бар отбасының кенже ұлы Алмас әскери қызметте қаза тапқан. Екі ағасы да әскерде борышын өтеген. Анасы Меруерт Дүйсенбаева ішек қатерлі ісігіне байланысты емделіп жатыр. Әкесінің аты — Жүсіп Оразалиев. Ол күн сайын жұбайының жанында болып, күтім жасауға мәжбүр болғандықтан, жұмыс істей алмайды.

«Ұлымның қазасы болған күні анасы онкологиялық ауруына байланысты ем қабылдауы керек еді. Алайда қайғылы жағдайға байланысты емін үйде өтуге тура келді», — деп жазды белсенді отбасының сөзін жеткізіп.

Отбасының үлкен ұлы Қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істейді. Ортаншы ұлы Ақтөбе облысына нәпақа табуға кеткен. Ата-анасы оны Маңғыстауға қайтарып, туған жерінен жұмыс тапқанын қалайды.

Сәрсенбаевтың мәліметінше, ата-анасының айтуынша, жергілікті билік сарбазды жерлеу шығындарын өтеуге материалдық көмек көрсеткен. Ал отбасының банк шоттары несие бойынша мерзімі өткен төлемдерге байланысты бұғатталғандықтан, қаражат жинауға арналған деректемелері жоқ.

«Бәріміз үшін қазір маңыздысы — Президент жариялаған өтемақының қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына толық көлемде берілуі. Бұл ең болмаса осы отбасыға қолдау болар еді», — деп жазды белсенді.

сарбаздар өлімі
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКәдімгі банкадағы қауіп: Үй консервілеріндегі ботулизм туралы не білу керек?
Next Article «Әулетімізге келін келді»: Алтынай Жорабаева тағы бір қуанышын көпшілікпен бөлісті (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202621

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.202612
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әкімдік қызметкері»: СҚО-да зейнет жасына таяған әйел сірке суын ішіп, көз жұмды

17.11.202615

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202621

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026259

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202661

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.202612

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202620

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.2026112

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20265

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.