Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Белгиялық сарапшы Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуының ізгілік тұрғысындағы маңызын атап өтті
Жаңалықтар

Белгиялық сарапшы Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуының ізгілік тұрғысындағы маңызын атап өтті

НұрланНұрлан05.10.20263
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның өлім жазасынан толықтай бас тартуы адамның өмір сүру құқығын қорғау жолындағы елеулі жетістіктерінің бірі болды. Белгиялық журналист Лотфи Амин Хашеми бұл шешімді жоғары бағалап, мықты сот төрелігі мен заңның беріктігі адамға деген құрметті ұштастыра білуі тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Қазақстанда мұндай жаза түрінің толықтай жойылуы қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге және өмір сүру құқығының кепілдіктерін нығайтуға бағытталған дәйекті саясаттың заңды нәтижесі болды.

2021 жылғы 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасынан бас тартуға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды. Сол жылдың 29 желтоқсанында Мемлекет басшысы өлім жазасын қылмыстық заңнамадан толықтай алып тастауды көздейтін заңға қол қойды. Ал 2022 жылы өлім жазасына тікелей тыйым салу Конституцияда бекітіліп, адам өмірін қорғаудың құқықтық кепілдіктері одан әрі нығайтылды.

Бельгиялық журналист, «16mai.be» ақпараттық ресурсының негізін қалаушы Лотфи Амин Хашеми Қазақстанда өлім жазасының жойылуының ізгілік тұрғысындағы мәніне жоғары баға берді. Ол бұл шешімді заңның беріктігі мен адам өміріне деген құрметті ұштастыратын сот төрелігін дамыту жолындағы маңызды белес деп атады.

Хашемидің айтуынша, Қазақстан қабылдаған бұл шешім адамды қорғаудың құқықтық негіздерін нығайта түседі. Сарапшы аталған қадамның айрықша маңызын сот төрелігінің әділетті әрі ізгі сипатын айқындайтын іргелі қағидаттармен байланыстырды.

«Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуы – адамның қадір-қасиетін қорғауға, заң үстемдігі мен адамның негізгі құқықтарын қамтамасыз етуге негізделген сот төрелігі жүйесін дамыту жолындағы маңызды әрі мәні зор қадам», – деп атап өтті сарапшы.

Ізгілік пен табандылықтың үйлесімін ол пәрменді сот төрелігінің басты артықшылықтарының бірі екенін айтты. Хашемидің пікірінше, мұндай жүйе қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жауапкершілікті күшейту және қоғамның сенімін нығайту үшін аса маңызды. Ол қоғамды қорғау мен адамға құрметпен қарау бір-бірін толықтыратын қағидаттар екенін, бұл ұстанымдардың аса ауыр қылмыстарға қарсы күресте де өз маңызын жоғалтпайтынын атап өтті.

«Мықты сот төрелігі жүйесі аса ауыр қылмыстарға батыл әрі қатаң ден қоя отырып, әрбір адамның негізгі құқықтары мен қадір-қасиетін мүлтіксіз сақтай білуі тиіс», – деді сарапшы.

Хашеми Қазақстанның бұл таңдауынан сот төрелігінің ізгілікке негізделген бағытын және әрбір адамның өміріне деген құрметті ерекше атап өтті. Қабылданған шешім мемлекеттің қоғамды қорғауда табандылық таныта отырып, құқықтық қағидаттарға берік болуын көздейтін ұстанымды нығайта түседі. Журналист өлім жазасының толықтай жойылуын елеулі өзгеріс деп бағалады.

«Бұл шешім сот төрелігінің қайтымсыз шараларға жүгінбей-ақ пәрменді бола алатынын, ал қоғамды қорғау мен адам өмірін құрметтеу заң үстемдігінің іргелі қағидаттары болып қалуға тиіс екенін көрсетеді», – деп атап өтті сарапшы.

Журналист өлім жазасының жойылуы Қазақстандағы сот төрелігін одан әрі дамытудың ізгілік негіздерін нығайта түсетініне айрықша мән берді. Хашемидің пайымдауынша, бұл шешімнің құндылығы заңның беріктігі мен адамға деген ізгі қарым-қатынастың үйлесімінен көрінеді. Ол заманауи әрі орнықты сот төрелігі жүйесінің негізін дәл осы ұстанымнан көреді.

«Өлім жазасынан бас тарту – заманауи, әділетті әрі орнықты сот төрелігі жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды белес. Бұл – заңның беріктігін ізгілікпен, ал мемлекеттік өкілеттікті заң үстемдігіне деген құрметпен ұштастыратын жүйе», – деп түйіндеді сарапшы.

Бельгиялық журналистің бағасы Қазақстанның ізгілікке негізделген таңдауының маңызын көрсетеді. Өлім жазасының толықтай жойылуы өмір сүру құқығын қорғау мен әділ сот төрелігінің негіздерін нығайту жолындағы маңызды жетістік болды. Бұл қадам қоғамды қорғаудың құқықтық негіздерін бекемдеп, адам өмірі мен қадір-қасиетіне деген құрметті оның басты қағидаттарының біріне айналдырды.

 

сарапшы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖергілікті жолдардағы әрбір үшінші сынама талапқа сай емес
Next Article Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Оқи отырыңыз...

Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

05.10.20261

«Үш ай бойы ұлын іздемеген»: БҚО-да қоқыс жағалап күн көрген бала ата-анасыз қалды

05.10.202621

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

05.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

05.10.20261

«Үш ай бойы ұлын іздемеген»: БҚО-да қоқыс жағалап күн көрген бала ата-анасыз қалды

05.10.202621

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

05.10.20261

Белгиялық сарапшы Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуының ізгілік тұрғысындағы маңызын атап өтті

05.10.20263

Жергілікті жолдардағы әрбір үшінші сынама талапқа сай емес

05.10.202610

Тоқаев: «Соңғы жеті жылда 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды»

05.10.20261

Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.20261

«Тәжік жігітке тұрмысқа шықты ма?»: Аша Матай Душанбеде көпшіліктің назарын аударды

05.10.202625

«Мені келісімімсіз алып қашты»: 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы шындықты айтты (ВИДЕО)

05.10.202632

«Жылдап жинаған кітабымнан көшірген»: Зерттеуші Гүлсім Оразалықызы Санжар Керімбайға ренішін білдірді

05.10.202682

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.