Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Басты ақпарат

Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

НұрланНұрлан05.10.20261
Фото: Ақорда

Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді мерекесімен құттықтап, Мұғалім күні бүкіл қоғамды біріктіретін, нағыз халықтық сипаты бар, қастерлі де қадірлі мерекеге айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

– Ұстаз – әр адамның өмірінен ерекше орын алатын тұлға. Бұған ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын, бұл – бәрімізге ортақ пікір. Ұстазды ұлықтау өркениетті қоғамның болмысын айқындайтын аса маңызды қасиет саналады. Ұлт ойшылы Абай адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов те «Ұстаз – ұлы есім» деп қадір тұтқан. Мұғалімдер қауымына зор құрметпен қарау, олардың ұлт болашағы үшін атқарып жатқан табанды еңбегіне алғыс айту – баршамызға ортақ парыз. Әсіресе, қазіргідей ақпараттар ағыны күшейіп, озық технология қарқынды дамыған заманда мұғалімнің рөлі әлдеқайда арта түскені ақиқат, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде ұстаздарды жан-жақты қолдау жұмысына айрықша мән беретінін жеткізді.

– Баршаңызға мәлім, біз «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылдадық. Мемлекеттік марапаттар тізіміне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы енгізілді. Елімізде бірнеше мұғалім ең жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. 5 қазан күні Ұстаздардың кәсіби мерекесі ретінде нақты бекітілді. Біз жыл сайын бір қоғам болып осы мейрамды кең көлемде атап өтіп жүрміз. Биыл да мереке күндері барлық аймақта әкімдер мұғалімдер қауымын марапаттап, оларға ерекше құрмет көрсетіп жатыр. Ұстаздарды дәл осылай жалпыұлттық деңгейде ұлықтау ісі жалғасын табады. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-маңызы айрықша міндет, – деді Президент.

Ақорда Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Тәжік жігітке тұрмысқа шықты ма?»: Аша Матай Душанбеде көпшіліктің назарын аударды
Next Article Тоқаев: «Соңғы жеті жылда 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды»

Оқи отырыңыз...

Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

05.10.20261

«Үш ай бойы ұлын іздемеген»: БҚО-да қоқыс жағалап күн көрген бала ата-анасыз қалды

05.10.202619

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

05.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

05.10.20261

«Үш ай бойы ұлын іздемеген»: БҚО-да қоқыс жағалап күн көрген бала ата-анасыз қалды

05.10.202619

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

05.10.20261

Белгиялық сарапшы Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуының ізгілік тұрғысындағы маңызын атап өтті

05.10.20263

Жергілікті жолдардағы әрбір үшінші сынама талапқа сай емес

05.10.202610

Тоқаев: «Соңғы жеті жылда 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды»

05.10.20261

Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.20261

«Тәжік жігітке тұрмысқа шықты ма?»: Аша Матай Душанбеде көпшіліктің назарын аударды

05.10.202625

«Мені келісімімсіз алып қашты»: 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы шындықты айтты (ВИДЕО)

05.10.202632

«Жылдап жинаған кітабымнан көшірген»: Зерттеуші Гүлсім Оразалықызы Санжар Керімбайға ренішін білдірді

05.10.202682

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.