Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Жылдап жинаған кітабымнан көшірген»: Зерттеуші Гүлсім Оразалықызы Санжар Керімбайға ренішін білдірді
Шоу бизнес

«Жылдап жинаған кітабымнан көшірген»: Зерттеуші Гүлсім Оразалықызы Санжар Керімбайға ренішін білдірді

НұрланНұрлан05.10.202644

Әлеуметтік желіде зерттеуші Гүлсім Оразалықызының жазушы Санжар Керімбайдың Нұртас Оңдасынов туралы «Нұртас және елге қызмет» кітабына қатысты сыны қызу талқыланып жатыр,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Зерттеушінің айтуынша, кітапта өз еңбектерінде бұған дейін жарияланған деректер пайдаланылған. Ол басылымнан тың зерттеу мен архивтік жаңа материалдар таппағанын айтып, авторларға өкпесін жеткізді.

«Жақында Санжар Керімбайдың «Нұртас және елге қызмет» кітабы қолыма тиді. Оқып болғаннан кейін біраз ренішке қалдым. Өйткені оның ішінде ешқандай жаңалық жоқ. Архивтен тауып, құжаттарды сөйлету де жоқ. Барлығы менің кітаптарымнан: «анау айтты, мынау айтты, Құбашев айтты, Мұқашев айтты» деп көшіріп баса берген. Мен осыған қатты ренжідім», – деді зерттеуші.

Гүлсім Оразалыққызы сонымен қатар кітапты жарыққа шығару үшін қаражат жинау басталғанына да қарсылық білдірді. Оның пікірінше, Нұртас Оңдасынов сияқты мемлекет қайраткері туралы еңбекке халықтан жылу жинау дұрыс емес.

«Одан кейін – жылу жинау. Қазақстан үкіметін он үш жыл ең қиын кезде басқарған Нұртас Оңдасынов үшін жылу жинау – ұяттың ұяты. Мен отыз жыл өмірімді арнап, Мәскеудің, Атыраудың, Қазақстан мемлекеттік архивтерінде жылдап отырып жинаған кітаптарымнан көшіріп басып, оны елге тарату, ақша жинау – ұяттың ұяты», – деді Гүлсім Оразалықызы.

Өз кезегінде жазушы Санжар Керімбай зерттеушінің сынына жауап берді. Ол кітап авторлары дереккөздерді көрсетіп, академиялық талаптарды сақтағанын атап өтті.

«Дауласуға, жанжалдасуға ешқандай да объективті себеп жоқ. Бәрі норма. Авторлар академиялық әділдіктен аттамаған. Дереккөздері мен дерек жеткізуші кісілердің атын атап, еңбегін бағалап жазған. Еш нәрсеге алаңдамай, Нұртас жайлы кітапты сатып алып, рахаттанып оқи беріңіздер», – деді Санжар Керімбай.

жазушы санжар керімбай
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Әйелінің басқа еркекпен ойнас жасағанын көтере алмаған»: атақты блогер асылып қайтыс болды
Next Article «Мені келісімімсіз алып қашты»: 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы шындықты айтты (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

«Тәжік жігітке тұрмысқа шықты ма?»: Аша Матай Душанбеде көпшіліктің назарын аударды

05.10.202619

«Мені келісімімсіз алып қашты»: 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы шындықты айтты (ВИДЕО)

05.10.202623

«Әйелінің басқа еркекпен ойнас жасағанын көтере алмаған»: атақты блогер асылып қайтыс болды

05.10.2026518
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгиялық сарапшы Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуының ізгілік тұрғысындағы маңызын атап өтті

05.10.20261

Жергілікті жолдардағы әрбір үшінші сынама талапқа сай емес

05.10.20266

Тоқаев: «Соңғы жеті жылда 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды»

05.10.20261

Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.20261

«Тәжік жігітке тұрмысқа шықты ма?»: Аша Матай Душанбеде көпшіліктің назарын аударды

05.10.202619

«Мені келісімімсіз алып қашты»: 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы шындықты айтты (ВИДЕО)

05.10.202623

«Жылдап жинаған кітабымнан көшірген»: Зерттеуші Гүлсім Оразалықызы Санжар Керімбайға ренішін білдірді

05.10.202644

«Әйелінің басқа еркекпен ойнас жасағанын көтере алмаған»: атақты блогер асылып қайтыс болды

05.10.2026518

Қостанайлық суретші Ақтауда қаза тапқан 14 сарбазға ескерткіш қоюды ұсынды

05.10.202666

«Ыстықта ұшақ ішінде ұзақ ұстаған»: Шымкент тұрғыны FlyArystan-мен соттасып жатыр

05.10.202614

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.