Кемерово қаласындағы блогер Милена Петросянның күйеуі Татул өзіне қол жұмсаған. Қайғылы жағдай Қызыл көл маңындағы аялдамада болған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Марқұмның әпкесі Татулдың өліміне келінін кінәлап, оның ағасына ең жақын досымен опасыздық жасағанын мәлімдеді. Әлеуметтік желі қолданушылары да ер адамның әйелінің опасыздығын кешіре алмаған болуы мүмкін деген болжам айтып жатыр. Ерлі-зайыптының екі баласы болған.
Осы жағдайдан кейін блогерлердің бірі Милена мен Татулдың қарым-қатынасына қатысты өз болжамын жариялады.
Оның айтуынша, жұптың басты мақсаты берік әрі көпбалалы отбасы құру болған. Алайда олардың қарым-қатынасында «сатқындық, өтірік, жалғандық және опасыздық» секілді мәселелердің белгісі болған.
Блогер мұндай жағдайда серіктестердің бірінің ерте ме, кеш пе опасыздыққа баруы мүмкін екенін айтқан. Сондай-ақ ол мұндай қарым-қатынаста бір адамның екіншісінің қателігін үнемі кешіріп, байланыстан шыға алмай қалуы мүмкін екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, блогер Миленаның қазіргі кезеңін «кармалық жыл» деп атап, дәл осы уақытта адамның өмірінде маңызды әрі тағдыршешті оқиғалар болуы мүмкін екенін айтқан.
«Кармалық кезеңде шындықтың бәрі ашылады. Мұндай уақытта адам өз әрекетінің салдарымен бетпе-бет келеді», – деген ол.
Блогердің пікірінше, Милена мен Татулдың кездесуі де кездейсоқ болмаған. Ол екеуінің тағдырында осы қарым-қатынас арқылы белгілі бір ауыр сынақтан өту жазылған деген болжам айтты.


