Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini
Астана қаласында сүрленген ет жегісі келіп, тапсырыс берген 31 адам қолындағы 1,7 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Прокуратураның мәліметінше, алаяқ кәсіпкер Instagram және WhatsApp арқылы жылқының сүрленген етін арзан бағада сататынын айтып, клиенттерінен алдын ала ақша алған. Осыған дейінгі клиенттерінің жағымды пікірлеріне өзіне жарнама ретінде пайдаланған көрінеді.
«Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде 31 жәбірленушіге жалпы сомасы 1,7 млн теңгеден астам залал келтірілген. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен келтірілген залалдың толық өтелгенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгіленіп, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – делінген прокуратура хабарламасында.


