Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықов пен судья Серік Бертай 9 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
ҰҚК мәліметінше, оларға қатысты сот үкімі 18 қыркүйек күні шықты.
«Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Нақтырақ айтқанда, олар биыл қаңтар айында ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ҰҚК қамауға алынған.


