Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті
Жаңалықтар

Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті

НұрланНұрлан05.10.20265
Фото: gov.kz

Туризм саласы Алматы облысының бюджетіне қомақты кіріс әкеліп отыр. Биылғы сегіз айда саяхатшылардың есебінен қазынаға 3,9 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,3 пайызға көп. Былтыр алғашқы жарты жылдықта бюджетке 2,8 млрд теңге түскен, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Салық түсімінің өсуіне туристер санының артуы мен оларға көрсетілетін қызмет түрлерінің көбеюі әсер етіп отыр. Мәселен, биыл қаңтар-маусым айларында облыстағы қонақ үйлер мен демалыс орындары 263 776 туристі қабылдаған. Осы кезеңде қонақтарға көрсетілген қызмет көлемі 8,34 млрд теңгеге жетті. Былтыр бұл көрсеткіш 6,39 млрд теңге болған. Яғни бір жылда қызмет көлемі 30,5 пайызға артқан.

Туристер көбейген сайын оларды қабылдайтын нысандардың саны да артып келеді. Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлының айтуынша, былтыр облыста туристерді қабылдайтын 285 нысан болса, биыл олардың саны 308-ге жеткен.

«Әрбір турист өңір экономикасына өз үлесін қосады. Ол қонақ үйде тоқтайды, тамақтанады, көлік пайдаланады, экскурсияға барады, жергілікті жерден тауар сатып алады. Яғни турист келген сайын жергілікті кәсіпкерлердің де табысы артады. Бұл өз кезегінде бюджетке түсетін салықты көбейтеді. Биыл алғашқы сегіз айда туризмнен бюджетке 3,9 млрд теңге түсті. Туризм өңір қазынасына табыс әкеліп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік беретін маңызды сала. Сондықтан туристер санын арттырумен қатар, олардың өңірде көбірек уақыт өткізіп, сапалы қызмет алуына жағдай жасауға мән береміз», – деді Қуанышбек Мирамбекұлы.

Алматы облысының көрікті жерлерін көруге шетелдік туристер де көптеп келе бастады. «eQonaq» жүйесінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірге 113 659 шетелдік саяхатшы келген. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы облысы республикада үшінші орында.

Туристер ең көп келген жерлер «Іле-Алатау», «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктері болды. Жалпы, аталған үш ұлттық паркке биылғы сегіз айда 1,92 миллион турист келген. Оның ішінде «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне – 1 324 393, Көлсай көлдеріне – 399 063, «Шарын» шатқалына – 202 117 адам барған. Сондай-ақ, биыл Қонаев қаласындағы Қапшағай жағалауына 2 миллион демалушы келді. Бүгінде облыста туризм саласында 48 туроператор мен 24 гид жұмыс істейді.

Алматы қаржы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКаспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды
Next Article Жемқорлыққа, парақорлыққа барған Қазалы сотының төрағасы 9 жылға сотталып кетті

Оқи отырыңыз...

«Әйелінің басқа еркекпен ойнас жасағанын көтере алмаған»: атақты блогер асылып қайтыс болды

05.10.202662

Қайтыс болғандар бар: Ресейде оба ауруы тарады

05.10.202623

«Сүрленген ет сатамын»: Астанада жылқы етін жегісі келген 31 адам алданып қалды

05.10.202613
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әйелінің басқа еркекпен ойнас жасағанын көтере алмаған»: атақты блогер асылып қайтыс болды

05.10.202662

Қостанайлық суретші Ақтауда қаза тапқан 14 сарбазға ескерткіш қоюды ұсынды

05.10.202622

«Ыстықта ұшақ ішінде ұзақ ұстаған»: Шымкент тұрғыны FlyArystan-мен соттасып жатыр

05.10.20262

Қайтыс болғандар бар: Ресейде оба ауруы тарады

05.10.202623

«Сағынып отырмын»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы жан сырын ақтарды

05.10.202694

Дмитрий Песков: Тоқаев — өте мықты саяси тұлға 

05.10.202614

«Сүрленген ет сатамын»: Астанада жылқы етін жегісі келген 31 адам алданып қалды

05.10.202613

Жемқорлыққа, парақорлыққа барған Қазалы сотының төрағасы 9 жылға сотталып кетті

05.10.20263

Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті

05.10.20265

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды

05.10.202646

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.