Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жергілікті жолдардағы әрбір үшінші сынама талапқа сай емес
Жаңалықтар

Жергілікті жолдардағы әрбір үшінші сынама талапқа сай емес

НұрланНұрлан05.10.202610
Фото: Ашық дереккөз

2026 жылдың басынан бері «Жол сапасы» ұлттық сапа орталығы жергілікті жол желісінде 15 мыңнан астам жол-құрылыс материалының сынамасын зерттеді. Зертханалық сынақ нәтижесінде олардың 32%-ы белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Бұл туралы Астанада өткен «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» семинар-кеңесінде айтылды. Іс-шара ҚР Көлік министрлігінің қатысуымен ұйымдастырылып, оған өңірлер мен «Жол сапасы» филиалдарының өкілдері қатысты.

Зертханалық бақылау жол-құрылыс материалдарындағы сәйкессіздіктерді нысанның сапасы мен пайдалану мерзіміне әсер етпей тұрып анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды уақытылы жою мәселесі өзекті болып отыр. Жыл басынан бері жергілікті жолдарда 1 997 технологиялық бұзушылық пен ақау тіркелген. Оның 214-і жойылды, 1 783-і әлі жойылған жоқ. Бұл – анықталған бұзушылықтардың шамамен 90%-ы.

Бұдан бөлек, 2024–2026 жылдары жергілікті атқарушы органдар 1 127 жол нысанын қабылдаған. Тексеру барысында олардың бірқатарынан талаптарға сәйкессіздіктер анықталған.

Семинар барысында мамандар проблемалық нысандарды, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және ақаулардың уақытылы жойылмау себептерін талқылады. Техникалық қадағалау, мердігер ұйымдар, жергілікті тапсырыс берушілер мен «Жол сапасы» мамандары арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Қатысушылар қолданыстағы нормативтік базаны қайта қарау қажеттігін де атап өтті. Нормативтік құжаттарды кешенді түрде қайта қарап, талаптардағы алшақтықтарды жою жол жұмыстарының сапасын бағалауға бірыңғай тәсіл қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Семинар қорытындысы бойынша жергілікті жолдардың сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар әзірленіп, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері мен жауапты тұлғалар белгіленеді. Сондай-ақ нормативтік базаны өзектендіру бойынша ұсыныстар әзірленіп, жергілікті жол желісіне арналған үш жылдық іс-шаралар жоспары дайындалады.

Негізгі талап өзгермейді: анықталған сәйкессіздік тек тіркеліп қана қоймай, белгіленген мерзімде міндетті түрде жойылуы тиіс.

жол жол мәселесі
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев: «Соңғы жеті жылда 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды»
Next Article Белгиялық сарапшы Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуының ізгілік тұрғысындағы маңызын атап өтті

Оқи отырыңыз...

Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

05.10.20261

«Үш ай бойы ұлын іздемеген»: БҚО-да қоқыс жағалап күн көрген бала ата-анасыз қалды

05.10.202619

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

05.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

05.10.20261

«Үш ай бойы ұлын іздемеген»: БҚО-да қоқыс жағалап күн көрген бала ата-анасыз қалды

05.10.202619

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

05.10.20261

Белгиялық сарапшы Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуының ізгілік тұрғысындағы маңызын атап өтті

05.10.20263

Жергілікті жолдардағы әрбір үшінші сынама талапқа сай емес

05.10.202610

Тоқаев: «Соңғы жеті жылда 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды»

05.10.20261

Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.20261

«Тәжік жігітке тұрмысқа шықты ма?»: Аша Матай Душанбеде көпшіліктің назарын аударды

05.10.202625

«Мені келісімімсіз алып қашты»: 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы шындықты айтты (ВИДЕО)

05.10.202632

«Жылдап жинаған кітабымнан көшірген»: Зерттеуші Гүлсім Оразалықызы Санжар Керімбайға ренішін білдірді

05.10.202682

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.