Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Мұндайды күтпедім»: анасынан айырылған Анна Данченко Баян Мақсатқызының күтпеген көмегін айтып, көзіне жас алды
Шоу бизнес

«Мұндайды күтпедім»: анасынан айырылған Анна Данченко Баян Мақсатқызының күтпеген көмегін айтып, көзіне жас алды

НұрланНұрлан17.09.202644
Фото: әлеуметтік желі

Жақында анасынан айырылған Анна Данченко қиын сәтте қолдау көрсеткен продюсер Баян Мақсатқызына алғыс айтты. Оның сөзінше, продюсер жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесіп, қомақты қаржы жіберген, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Анна Данченко Баян Мақсатқызының бұл әрекеті оған ерекше әсер еткенін атап өтті. Ол продюсерден мұндай көмек күтпегенін айтып, адам жанын түсініп, қиын кезде қасынан табылатын жандардың қадірін енді тереңірек сезінгенін жеткізді.

«Баян Мақсатқызы, сізге шын жүректен алғыс айтқым келеді. Өмірімдегі ең ауыр кезеңдердің бірінде көрсеткен жанашырлығыңыз бен қолдауыңыз үшін рақмет. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажет қаражатты түсініп, маған қомақты сома жібердіңіз. Мұны көргенде ақша үшін емес, сізден мұндай қамқорлықты күтпегенімнен көзіме жас келді», – деп жазды ол.

Данченко ата-анасы бала кезінен өзіне сеніп, қиындықтарды өз бетімен жеңуге үйреткенін айтты. Сондықтан Баян Мақсатқызының күтпеген жерден қолдау көрсетуі оған айрықша әсер еткен.

«Жаның қатты ауырғанда, адамның жылуын ерекше сезінеді екен. Кейде бір ғана әрекет адамның жүрегі туралы мыңдаған сөзден артық айтады», – деді Анна.

Сондай-ақ ол ата-анасынан айырылғаннан кейін қиын сәтте ештеңе күтпестен қолдау көрсететін мейірімді адамдардың қаншалықты қымбат екенін түсінгенін жеткізді. Анна Баян Мақсатқызына жасаған жақсылығы үшін алғысын айтып, бұл көмекті ешқашан ұмытпайтынын атап өтті.

анна данченко баян алагөзова қаза тапты
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЭкспорт импорттан басым түсті: Қазақстанның сауда балансының профициті 14 млрд долларға жетті
Next Article «Өлгім келетін»: пирамидаға кіріп, қарызға батқан Айнұр Тұрсынбаева шындығын айтты

Оқи отырыңыз...

«Азған заманның адамдары»: қариялар мен қыздардың тойдағы арсыз билері елді шулатты (ВИДЕО)

18.09.20261 004

«Түк дауысы жоқ»: Ерке Есмахан Тұрсын Алагөзовтің туған күнінде сынға қалды

18.09.2026735

«Аидаға да бір миллионер керек»: Тұрсын Алагөзовтың туған күнінде жалғыз жүрген Кауменованы жұрт сөз етті (ВИДЕО)

18.09.2026315
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026739

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026806

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202667

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.