Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Экономика»Экспорт импорттан басым түсті: Қазақстанның сауда балансының профициті 14 млрд долларға жетті
Экономика

Экспорт импорттан басым түсті: Қазақстанның сауда балансының профициті 14 млрд долларға жетті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы17.09.20261
Фото: ЖИ
Қазақстанның сауда балансының профициті 2026 жылғы қаңтар–шілде аралығында 63 пайызға өсіп, 14 млрд долларға жетті. Бұл экономика мен теңге бағамы үшін оң көрсеткіш болғанымен, ел экспортының жартысына жуығы әлі де мұнайға тәуелді. Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Саида Тілеуленова профициттің тұрақтылығы әлемдік шикізат нарығындағы жағдайға тікелей байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Сарапшының мәліметінше, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде Қазақстанның сауда балансының профициті 8,6 млрд доллар болған. Биылғы шілдеде ғана бұл көрсеткіш 4,8 млрд долларға жеткен. Бір ай ішінде ел экспорты 10,2 млрд долларды, ал импорты шамамен 5,4 млрд долларды құрады.

Осылайша, тауарлар экспорты импорттан едәуір асып, елге түсетін валюталық кірістің маңызды көзіне айналып отыр.

Экспорттың жартысына жуығы мұнайға тиесілі

Саида Тілеуленованың айтуынша, Қазақстан экспортының құрылымында шикізат әлі де басым. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы алты айында мұнай мен шикі мұнай өнімдері жалпы тауар экспортының 46,5 пайызын құраған. Сонымен қатар экспортта мыс, мыс кені, радиоактивті элементтер мен ферроқорытпалардың үлесі жоғары. 2025 жылы мұнайдың экспорттағы үлесі 50,5 пайыз болған.

«Қазіргі профицит экспорттық кірістің жоғары екенін көрсетеді. Алайда бұл экономика құрылымы түбегейлі өзгерді дегенді білдірмейді. Оның көлемі мұнай мен металл бағасына, өндіріс мөлшеріне және шикізатты сыртқы нарықтарға үздіксіз жеткізу мүмкіндігіне тәуелді болып отыр», – дейді сарапшы.

Оның сөзінше, әлемдік нарықта шикізат бағасы айтарлықтай төмендесе немесе экспорт көлемін шектейтін кедергілер туындаса, сауда балансының профициті де едәуір қысқаруы мүмкін.

Экспорттан түскен валютаның бәрі елде қалмайды

Қаржыгер сауда профицитінің жоғары болуы экспорттан түскен қаражаттың барлығы Қазақстан экономикасында қалады деген сөз емес екенін атап өтті.

Экспорттық кірістің бір бөлігі шетелдік қызметтер ақысын төлеуге, шетелдік инвесторларға инвестициялық табыс беруге, сыртқы міндеттемелерді өтеуге және өзге де төлемдерге жұмсалады.

«Сондықтан елдің сыртқы экономикалық жағдайының іргелі тұрақтылығын бағалау кезінде сауда балансымен ғана шектелмей, төлем балансының жалпы көрсеткіштеріне де назар аудару қажет», – деді Саида Тілеуленова.

Шикізаттық емес экспорт өсіп келеді

Сонымен бірге Қазақстан экспортының құрылымы біртіндеп өзгеріп жатқанын көрсететін оң үрдіс те бар. Сауда министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жартысында шикізаттық емес және өңделген тауарлар экспорты 12,9 млрд доллардан 15,2 млрд долларға дейін өскен.

Сарапшының пікірінше, бұл экспорттық базаның біртіндеп кеңейіп келе жатқанын білдіреді. Дегенмен қазіргі өсім сыртқы сектордың шикізат нарығындағы жағдайға тәуелділігін толық жоюға әзірге жеткіліксіз.

«Сауда балансының 14 млрд долларлық профициті – Қазақстан үшін маңызды қаржылық қор. Алайда оның тұрақтылығы шикізаттық емес экспорттың қаншалықты жылдам өсетініне, мұнай мен металл бағасына, өндіріс пен тасымал көлемінің сақталуына байланысты. Сондай-ақ экспорттан түскен табысты ел ішіндегі инвестицияға және еңбек өнімділігін арттыруға тиімді бағыттау маңызды», – деп қорытындылады сарапшы.

Дерекөз: dalanews.kz/

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБақытжан Базарбек көлікпен қағып кеткен ер адам ауруханадан шықты
Next Article «Мұндайды күтпедім»: анасынан айырылған Анна Данченко Баян Мақсатқызының күтпеген көмегін айтып, көзіне жас алды

Оқи отырыңыз...

Көршіге кіріптарлық: Қазақстандық кәсіпкерлердің ресейлік компаниялар алдындағы қарызы 2 трлн теңгеден асты

15.09.20267

Қарызы 3,9 трлн теңге: экономист Қазақстан темір жолына толық аудит жүргізуді талап етті

15.09.20261

1,5 трлн теңге: Алматы облысы биыл салық түсімін рекордтық деңгейге жеткізбек

14.09.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026733

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026797

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202664

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.