Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов 57 жасқа толып, туған күнін жақындары мен өнер адамдарының ортасында атап өтті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Жұбайы Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде күйеуін туған күнімен құттықтап, оған қандай сыйлық жасағанын көрсетті.
«Тұрсын, туған күніңмен! Саған мықты денсаулық, сәттілік пен энергия тілеймін. Сонымен қатар тек бір әйелді ғана жақсы көр, сен ол әйелдің кім екенін білесің. Жалғыз, сүйікті әйеліңді жақсы көр», – деді ол.
Туған күн кешіне эстрада жұлдыздарымен қатар Тұрсын Алагөзовтің бірінші некесінен туған ұлы мен қызы да қатысты.


