Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Жалған құжат жасау мен ақша шығару: Судья өзімшілдікке салынып, соттан бірақ шығатын компания директорларының қателігін көрсетті
Басты ақпарат

Жалған құжат жасау мен ақша шығару: Судья өзімшілдікке салынып, соттан бірақ шығатын компания директорларының қателігін көрсетті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы18.09.202613

Қазақстанда еңбек дауларының саны артып келеді. Егер 2024 жылы соттарға осындай 6 722 іс түссе, 2025 жылы – 7 337, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында – 4 355 іс түскен.

Судья Динара Куйкабаеваның компания директорларының басты қателіктерін тізіп шықты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Ол басшылардың қандай қателіктері компанияларды сотқа жиі алып келетінін және өзінікі дұрыс екеніне сенімді болу неліктен жеңіске кепілдік бермейтінін түсіндіреді.

Қалай да жұмыстан шығару

Сарапшының айтуынша, ең жиі кездесетін қателіктердің бірі – қызметкерді заңда көзделген негіз бойынша емес, жұмыс берушінің көңілінен шықпай қалғаны үшін жұмыстан шығаруға тырысу.

«Мұндай жағдайда формалды себеп іздеу басталады: тәртіп бұзушылықтар шұғыл тіркеліп, тәртіптік жазалар қолданыла бастайды. Алайда еңбек дауларында сот жұмыстан шығарудың негізін ғана емес, бүкіл рәсімнің қалай жүргізілгенін де бағалайды», – дейді судья.

Сот тәртіп бұзушылықтың уақтылы тіркелгенін, қызметкерден жазбаша түсініктеме сұралғанын, тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімдері мен Еңбек кодексінің талаптары сақталғанын тексереді.

Қызметкер еңбек тәртібін шынымен бұзған күннің өзінде, жұмыс берушінің заңда белгіленген рәсімді сақтамауы жұмыстан шығаруды заңсыз деп тануға дербес негіз болуы мүмкін.

Мұндай даулардың қаншалықты жиі кездесетінін сот статистикасы көрсетеді. 2024 жылы соттарға жұмысқа қайта алу туралы 1 480 талап арыз, 2025 жылы – 1 746 талап арыз түскен, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың саны 969-ға жетті. Жалақы төлеуге байланысты даулар одан да көп: 2024 жылы – 2 428, 2025 жылы – 2 723, ал тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында – 1 709 талап арыз.

«Рәсімдік қателіктер қызметкерді жұмысқа қайта алуға ғана емес, амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақы өндіріп алуға да әкелуі мүмкін. Сондықтан жұмыстан шығару туралы шешім эмоцияға сүйеніп емес, заңда көзделген рәсімді қатаң сақтай отырып қабылдануы тиіс», – дейді Динара Куйкабаева.

Құжаттарды «өткен күнмен» рәсімдеу

Тағы бір жиі кездесетін қателік – жанжал туындағаннан кейін ғана қажетті құжаттарды қалпына келтіруге тырысу. Басшылар бұрын болмаған актілерді, қосымша келісімдерді немесе қолхаттарды шұғыл түрде рәсімдей бастайды.

«Сот құжаттың мазмұнын ғана емес, оның қандай жағдайда жасалғанын, басқа дәлелдермен байланысын және тараптардың іс-әрекеттерінің реттілігін де бағалайды. Сонымен қатар құжаттың қашан жасалғанын анықтауға мүмкіндік беретін сараптама түрлері бар», – деп түсіндіреді Динара Куйкабаева.

Құжатқа нақты кімнің қол қойғаны да маңызды. Мысалы, орындалған жұмыстар актісіне тиісті өкілеттігі жоқ прораб қол қоюы мүмкін. Сондықтан сотта адамның нақты құжатқа қол қоюға құқығы болған-болмағаны және мұндай өкілеттік бұйрықта немесе сенімхатта көзделген-көзделмегені тексеріледі.

Ауызша келісу

Тағы бір кең таралған қателік – телефон арқылы сөйлескеннен, мессенджердегі хат алмасудан немесе ауызша уәдеден кейін ынтымақтастықты бастау.

Нәтижесінде тауар жеткізіледі, жұмыс орындалады, ақша беріледі, бірақ мерзімдер, төлем тәртібі, тараптардың жауапкершілігі және басқа да маңызды талаптар құжат жүзінде бекітілмейді. Жанжал туындаған кезде тараптардың қол жеткізілген уағдаластықтарды мүлде әртүрлі түсінгені анықталуы мүмкін.

«Сотта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 153-бабы негізінде біз тек жазбаша дәлелдемелерді қабылдаймыз. Сондықтан шарттың болмауы өз міндеттемелерін іс жүзінде орындаған тараптың өзіне де құқықтарын қорғауды қиындатады», – деп атап өтеді сарапшы.

Жанжалды әлеуметтік желіге шығару

Бүгінде коммерциялық жанжалдар әлеуметтік желілерде де жиі жалғасады. Өз мүддесін қорғауға немесе контрагентке қысым жасауға тырысқан басшы сот шешімі немесе басқа дәлелдері болмаса да, екінші тарапты алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, клиенттерді алдау немесе заңсыз қызметпен айналысу деп көпшілік алдында айыптауы мүмкін. Мұндай жарияланымдар іскерлік беделді қорғау туралы жеке талап арыз беруге негіз болуы ықтимал.

Динара Куйкабаева: «Егер адам аудиторияға белгілі бір мәліметті анықталған факт ретінде хабарласа, оның шынайылығын дәлелдеуге дайын болуы керек. Бағалау сипатындағы пікір мен құқыққа қайшы әрекет жасалды деген тұжырымның арасында қағидатты құқықтық айырмашылық бар», – деп ескертеді.

Талап-арызға дейінгі шағымды елемеу

Істердің бірқатар санаттары бойынша дауды сотқа дейін реттеу тәртібі міндетті болып табылады. Атап айтқанда, бұл еңбек дауларына, сондай-ақ тасымалдау, сақтандыру, шарттарды бұзу, банктік және микроқаржылық қарыздарға байланысты дауларға қатысты. Міндетті рәсім сақталмаса, сот талап арызды іс жүргізуге қабылдамайды.

Шағым-талап жұмысын дұрыс жүргізу даулардың бір бөлігін сот шешімінсіз аяқтауға мүмкіндік береді. Мәселен, медиация тәртібімен 2024 жылы тараптар 563 іс бойынша, 2025 жылы – 622 іс бойынша, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында – 300 іс бойынша татуласқан.

«Заң тұрғысынан сауатты жазылған талап-арызға дейінгі шағым жанжалды сотқа жеткізбей реттеуге көмектесіп, компанияның уақыты мен шығынын үнемдей алады. Ал эмоцияға толы хат алмасу, керісінше, бизнестің жағдайын нашарлатуы мүмкін. Оның мазмұны іс бойынша негізгі дәлелдердің біріне айналуы ықтимал», – дейді судья.

Талап арыз келгеннен кейін ғана заңгерге жүгіну

Көптеген компаниялар заңгерлік көмекке талап арыз берілгеннен кейін, жағдайды түзету мүмкіндігі әлдеқайда шектелген кезде ғана жүгінеді.

«Заңгер бірнеше күннің ішінде жылдар бойы қордаланған мәселені шеше алмайды, – дейді сарапшы. – Сотта бір ғана факт емес, оқиғалардың бүкіл тізбегі зерттеледі».

Өкілдерге, сараптамаларға, мемлекеттік бажға, сот актісін орындауға кететін шығындар, сондай-ақ уақыт пен беделге байланысты шығындар көбіне уақтылы алынған заңгерлік кеңестің құнынан бірнеше есе асып түседі.

Сот тәуекелдерін қалай азайтуға болады?

Шарттардың жоғалған түпнұсқалары, қол қойылмаған орындалған жұмыстар актілері, сенімхаттардың, бастапқы бухгалтерлік құжаттардың немесе іскерлік хат алмасудың болмауы компанияның сотта өз мүддесін қорғауын қиындатуы мүмкін.

«Сот процесінде өз уәждерін жол берілетін және іске қатысты дәлелдемелермен растай алған тараптың мүмкіндігі жоғары. Сондықтан ішкі құжат айналымына бизнесті құқықтық тәуекелдерден қорғау құралдарының бірі ретінде қараған жөн», – дейді Куйкабаева.

Сондай-ақ шартқа қол қоймас бұрын оны мұқият зерделеу маңызды. Тараптардың жауапкершілігі, даудың соттылығы, орындалған жұмыстарды қабылдау тәртібі, айыппұл санкциялары және шартты біржақты бұзу негіздері туралы талаптарға ерекше назар аудару қажет.

Сарапшының айтуынша, тәуекелдердің бір бөлігін ынтымақтастық басталғанға дейін-ақ бағалауға болады. «Төрелік» ақпараттық жүйесінде заңды немесе жеке тұлғаның сот істерінің тарихын қарап, әлеуетті контрагентті бағалау кезінде осы ақпаратты ескеруге болады.

«Басшы өз шешімдерін ықтимал құқықтық салдар тұрғысынан неғұрлым ерте бағалай бастаса, іскерлік жанжалдың сот талқылауымен аяқталу ықтималдығы соғұрлым төмен болады. Сот дауларының алдын алу оларды шешуге қарағанда әрқашан арзанырақ», – деп қорытындылайды сарапшы.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Фонограмма қосып, ауыз жыбырлатасыңдар»: Қайрат Нұртас қызы Алаумен концертке дайындалып, сынға қалды (ВИДЕО)
Next Article «Тек бір әйелді жақсы көр»: Тұрсын Алагөзовтың туған күнінде әйелі Баян тосын тілек айтты

Оқи отырыңыз...

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

18.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026733

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026795

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202664

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.