Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Мектептегі қылмыс: Жамбыл облысында баланы ұрған мұғалім қамауға алынды
Жаңалықтар

Мектептегі қылмыс: Жамбыл облысында баланы ұрған мұғалім қамауға алынды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы05.10.202619

Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда оқиғаны сақтықпен әрі алаңдай түсіріп тұрған адам көрінеді. Видеода ер адамның бір қолында домбыра ұстап, екінші қолымен баланы ұрып жатқаны байқалады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоны Қордай ауданындағы үйірмелердің біріндегі жағдаймен байланыстырды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, осы факті бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бабымен қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады ведомство.

Ер адамның өзі жариялаған үндеуінде зардап шеккен баланың өзіне сабақ беретін оқушы екенін айтып, оның анасынан кешірім сұрағанын жеткізді.

«Әлеуметтік желілерде тараған видеоға байланысты ең алдымен баладан және оның ата-анасынан шын жүрегіммен кешірім сұраймын. Бұл жағдай бір жыл бұрын болған», – деді ол.

Өз әрекетін түсіндіре отырып, ер адам сол сәтте эмоцияға беріліп кеткенін айтып, мұндай қылықтың мұғалімге мүлде жараспайтынын мойындады.

«Сол кезде эмоцияға беріліп, мұғалімге жол беруге болмайтын әрекет жасадым. Өз ісімді ақтамаймын және оны толық мойындаймын. Заң алдында жауап беруге дайынмын. Бұл мен үшін үлкен сабақ болды», – деді ер адам.

Полиция сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Ойыңызды өзгертіңіз»: Танымал дизайнер Мақпал Жүнісовамен сөзге келді
Next Article Қаржы бар, ал жасыл стартаптар қайда? Қазақстандағы климаттық жобалардың дамуына не тосқауыл?

Оқи отырыңыз...

«Әйелінің басқа еркекпен ойнас жасағанын көтере алмаған»: атақты блогер асылып қайтыс болды

05.10.202642

Қайтыс болғандар бар: Ресейде оба ауруы тарады

05.10.202621

«Сүрленген ет сатамын»: Астанада жылқы етін жегісі келген 31 адам алданып қалды

05.10.202613
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әйелінің басқа еркекпен ойнас жасағанын көтере алмаған»: атақты блогер асылып қайтыс болды

05.10.202642

Қостанайлық суретші Ақтауда қаза тапқан 14 сарбазға ескерткіш қоюды ұсынды

05.10.202620

«Ыстықта ұшақ ішінде ұзақ ұстаған»: Шымкент тұрғыны FlyArystan-мен соттасып жатыр

05.10.20262

Қайтыс болғандар бар: Ресейде оба ауруы тарады

05.10.202621

«Сағынып отырмын»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы жан сырын ақтарды

05.10.202689

Дмитрий Песков: Тоқаев — өте мықты саяси тұлға 

05.10.202614

«Сүрленген ет сатамын»: Астанада жылқы етін жегісі келген 31 адам алданып қалды

05.10.202613

Жемқорлыққа, парақорлыққа барған Қазалы сотының төрағасы 9 жылға сотталып кетті

05.10.20263

Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті

05.10.20265

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды

05.10.202645

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.