Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Намаз оқыған соң соққы жаудырды: Flydubai ұшқышы Нетаньяхуға әуедегі арпалысты айтып берді
Оқиғалар

Намаз оқыған соң соққы жаудырды: Flydubai ұшқышы Нетаньяхуға әуедегі арпалысты айтып берді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы05.10.202626
Смит Маччхар. Фото: x.com/israelmfa

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai рейсінің капитаны Смит Маччхар Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, ұшақтағы қауіпті оқиғаның қалай басталғанын айтып берді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Қазір БАӘ-де ем алып жатқан ұшқыштың айтуынша, рейс бастапқыда қалыпты жағдайда өткен. Кейін екінші ұшқыш намаз оқуға ниет білдірген.

«Бұл әдеттегі рейс болатын. Екінші ұшқыш… талап еткен жоқ, бірақ әдеттегідей намаз оқығысы келді, бұл ерекше нәрсе емес еді. Ол намаз оқып жатқанда, құрмет ретінде мен алға қарап отырдым, артыма бұрылған жоқпын.

Кенет шамамен 4-5 минуттан кейін, басымнан қатты соққы алдым. Ұшақта қандай да бір апаттық жағдай болып қалды немесе бірдеңе дұрыс емес деген ой келді. Бірақ кейін соққылар бірінен соң бірі жалғасты, сол кезде мәселе ұшақта емес, кабинада менімен бірге болған екінші адамда екенін түсіндім.

Мен оны тоқтатуға тырыстым, бірақ алғашқы соққыдан кейін көзім көрмей қалды, бұлдырап кетті. Есімде қалғаны – ұшақтың жылдам төмен құлдилап бара жатқаны», — деді Смит Маччхар.

Капитанның сөзінше, болған жағдайдың кей бөлігі жадында үзік-үзік сақталған. Ол кабина есігін ашуға тырысқан, алайда екінші ұшқыш оны қайта жауып тастаған.

«Егер қазір ештеңе істемесем, өлемін деп ойладым. Содан бар күшімді жинап, есікті итеріп аштым, құдайға шүкір, сыртта адамдар күтіп тұр екен, олар басқаруды өз қолдарына алды», — деді ол.

Маччхардың айтуынша, кабина есігі іштен арнайы тұтқа арқылы ашылады, ал сырттан оған код енгізу арқылы кіруге болады. Алайда сыртта болған ұшқыштар код арқылы есікті аша алмаған. Капитан соңғы күшін жинап, есікті іштен ашып үлгерген. Осыдан кейін сыртта болған өзге ұшқыштар мен жолаушылар жағдайды бақылауға алуға көмектескен.

Нетаньяху Маччхарды ерлігі үшін мақтап, оны Үндістан, Израиль және бүкіл әлем үшін батыр деп атады. Сондай-ақ ұшқыш пен Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді Израильдің келесі Тәуелсіздік күніне шақырған.

Оқиғадан кейін ұшақ Сауд Арабиясының Табук қаласына шұғыл қонған. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен екінші ұшқыштың әрекетіне қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Элиталық тұрақсыздық болды»: сарапшы Тоқаевтың билікті толық қолына алып, елді тұрақтандырғанын айтты (ВИДЕО)
Next Article Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды

Оқи отырыңыз...

«Ыстықта ұшақ ішінде ұзақ ұстаған»: Шымкент тұрғыны FlyArystan-мен соттасып жатыр

05.10.20262

Қайтыс болғандар бар: Ресейде оба ауруы тарады

05.10.202629

Тамаққа талас: Астанада дүкеннің ашылуына келген халық фуршет үстелін сындырды ВИДЕО)

05.10.202646
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әйелінің басқа еркекпен ойнас жасағанын көтере алмаған»: атақты блогер асылып қайтыс болды

05.10.2026107

Қостанайлық суретші Ақтауда қаза тапқан 14 сарбазға ескерткіш қоюды ұсынды

05.10.202627

«Ыстықта ұшақ ішінде ұзақ ұстаған»: Шымкент тұрғыны FlyArystan-мен соттасып жатыр

05.10.20262

Қайтыс болғандар бар: Ресейде оба ауруы тарады

05.10.202629

«Сағынып отырмын»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы жан сырын ақтарды

05.10.2026105

Дмитрий Песков: Тоқаев — өте мықты саяси тұлға 

05.10.202614

«Сүрленген ет сатамын»: Астанада жылқы етін жегісі келген 31 адам алданып қалды

05.10.202616

Жемқорлыққа, парақорлыққа барған Қазалы сотының төрағасы 9 жылға сотталып кетті

05.10.20264

Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті

05.10.20265

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды

05.10.202648

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.